Көріп ғашық болғандай замандасы
Бұл бетте «Көріп ғашық болғандай замандасы» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көріп ғашық болғандай замандасы,
Арқасына төгіліп қолаң шашы.
Көз алдымда кір жайып келіншек жүр,
Айнымаған Винчидің Мадоннасы.
Отын үрлеп жүректің жалындаған,
Тәтті сезім сыйлады ару маған.
Жел еркелеп халатын жұлқылайды,
Ең төменгі түймесі салынбаған.
Ала бұлттан күн әуре арыла алмай,
Кірін жайып ол әуре, бабы болмай.
Келіншектің жел әуре етегімен,
Жүрегіме мен әуре бағына алмай.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі