Көктем келер кешігіп

Бұл бетте «Көктем келер кешігіп» атты Әбілда Аймақ жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 977
Көктем келер кешігіп,
Оның, сәулем, несі мін?
Жел де соғар өшігіп,
Мәңгі сөнбес есімің.
Кеш гүлдейді өріктер,
Өмір де кеш ән салар.
Өзіңе өзің ерік бер,
Аймаласын сал самал.
Бұлақ ағарасығып,
Сай-саланы кезер мұң.
Өлең қалар шашылып,
Бәріне де төзермін.
Сыздап аққан үндемей,
Жұбатпайды тамшылар.
Сенсіз бөлме түрмедей,
Қалай ғана жан шыдар?!
Жылы жаңбыр даладан,
Тереземді шертеді.
Ойың болмас қалаған,
Өмір деген ертегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем келер кешігіп өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Көктем келер кешігіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем келер кешігіп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем келер кешігіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері