Жыламасын, жер-ана! –
Қуат Адис
Бұл бетте «Жыламасын, жер-ана!» атты Қуат Адис жазған ана туралы өлең берілген.
Таза болсын даламыз,
Таза тұрсын қаламыз.
Аялайық бәріміз,
Жер де біздің Анамыз.
Әніміз ғой жаттаған,
Сәніміз ғой бақ, далам.
Жас шыбықты сындырма,
Жас өскінді таптама!
Жерге қоқыс тастама,
Айналаңды ластама!
Табиғатты аялап,
Үлгі бол сен басқаға!
Жердің бітер тынысын:
Шырындардың шынысы;
Кәмпиттердің қағазы;
Балмұздақтың ыдысы.
Дүкендегі бар тауар,
Артылады арқаға әр.
Пластмасса ойыншықтар,
Полиэтилен қалталар.
Және есепке ал, мұны:
Тұрмыстың көп қалдығы...
Жер-Анаға ауыр ғой,
Осылардың барлығы.
Перзентіне үнемі,
Ананың ақ тілегі.
Жер-Анамыз жылайды,
Жараланса жүрегі.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі