Сиқырлы қылқалам –
Қуат Адис
Бұл бетте «Сиқырлы қылқалам» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таудай оның талабы,
Қолында ылғи қаламы.
Табиғатты тірілтіп,
Ақ қағазға салады.
Гүлдендіріп қаланы,
Түрлендіріп даланы.
Өзгертеді бір сәтте,
Сиқырлы қылқаламы.
Сүйкеп қалса қолы егер,
Тал-теректер көгерер.
Шыға келер одан соң,
Тауға айналып төбелер.
Биік таудың етегі –
Төрт түліктің мекені.
Құлыншағы бір сәтте,
Тайға айналып кетеді.
Түрлі бояу тұр тұнып,
Гүлдер өсті құлпырып.
Сары бояу жаққанда –
Шыға келер Күн күліп.
Бұлт арасы сөгілді,
Күннен шуақ төгілді.
Жеті түсті бояудан,
Кемпірқосақ көрінді.
Ақ бояу – тау бұлағы,
Жасыл бояу – құрағы.
Сұр бояуды жаққанда –
Тарғыл тастар шығады.
Көкшіл түс – көл болады,
Кемері тез толады.
Қоңыр бояу жаққанда –
Қаз-үйректер қонады.
Шөл даланың танабы,
Нуға айналып барады.
Сиқырлы екен расында,
Ерденнің қылқаламы.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі