Ағаш боп неге жаралмадым мен – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Ағаш боп неге жаралмадым мен» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 790
Ағаш боп неге жаралмадым мен,
Пана боп саған тұратын.
Құс болып неге оралмадым мен,
Көктемде сауық құратын.
Бұлт боп неге жаппадым көкті,
Жаңбырын саған төгетін.
Жарқылдап жарар шақпағым көкті,
Кеудеңді сенің сөгетін.
Өзен боп неге ақпадым екен,
Жетелер еді ағысым.
Самал боп неге соқпадым екен,
Шайқалтып жүрек қамысын.
Терек боп неге сыбырламадым,
Қиялға сені жетелеп...
Орындалмайтын бүгінгі амалым,
Кеудемде арман өте көп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағаш боп неге жаралмадым мен өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Ағаш боп неге жаралмадым мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағаш боп неге жаралмадым мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағаш боп неге жаралмадым мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері