Топшысы опырылып қаршығамның
Бұл бетте «Топшысы опырылып қаршығамның» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Топшысы опырылып қаршығамның,
Жанымды жастайымнан жаншыған мұң.
Содан да болар бәлкім мен өзгеше,
Сен түсінбес тұңғиық жан шығармын.
Құлатқанда көпірден өткел-өмір,
Өкпелесем, тағдырға өкпеледім.
Қисайып қалған кезде демемеген,
Адамдарды несіне жек көремін.
Желкендерін тоздырған жауын-қарға,
Бағынған кемедеймін дауылдарға.
Бір мәре мен мұндалап тұрмаған соң,
Айналама ренжір дауым бар ма?
Жеткен самал секілді көктемеден,
Жан сырымды ешкімге төккен емен.
Жалғыз өзім дауылмен алыссам да,
Жан емеспін ешкімге өкпелеген.
Қайткенмен Күн нұрына жерік екем,
Ақ үміт өлтірмейтін серік екен.
Қысқа күнде қырық түрлі көрсем пәле,
Соның бәрін өзімнен көріп өтем.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі