Бұл өмірді өтетін құйын дедім –
Әбілда Аймақ
Бұл бетте «Бұл өмірді өтетін құйын дедім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл өмірді өтетін құйын дедім,
Таусылған жоқ әзірге сыйым – демім.
Қазамын деп әуремін құмнан құдық,
Тарықтырған тағдырым қиын менің.
Өткен күн татымайды таңдайға түк,
Сүріндім,
Сүріндірді жанбай жатып.
Көзіне дос-дұшпанның тура қарап,
Шіркін-ай, өткен өмір қандай бақыт!!
Жабы болды тұлппар деп жемдегенім,
Я онда жоқ, мұнда жоқ, сенделемін.
От-қайғы тамшылайды жүрегіме,
Күйіп бара жатқандай мендегі егін.
Өткен күн татымайды таңдайға түк,
Сонда да адаммын ғой, алдайды уақыт.
Дос-дұшпанның көзіне тура қарап,
Өткен өмір, шіркін-ай, қандай бақыт!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі