Бұлт тарап көгілдір көгімдегі –
Әбілда Аймақ
Бұл бетте «Бұлт тарап көгілдір көгімдегі» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұлт тарап көгілдір көгімдегі,
Атқа қондым «Алла!» деп тебінгелі.
Жеті атамның атына құран оқып,
Салт-дәстүрден айнымай елімдегі.
Ер қаруы – бес қару түгелденіп,
Жолға шықтым түтеген түменге еріп.
Жолдас қылдым, қаламды қара көріп,
Алты малта асымды үнем көріп.
«Бисмилла!» деп бастадым сөздің жайын,
Тамызық қып отына көздің майын.
Сөйтіп жүріп жотаға шығыппын-ау,
Будақтаған шаңымды сезбедің бе, айым?
Ата жолы менің де жолым дедім,
Шаң астынан көрінер қолым менің.
Жолықтырып Алланың қазынасын,
Таусылғандай болып тұр сорым-кенім.
Естілгенде даусы да жаңғырықтың,
Қосын-қосын көп оймен сән құрыппын.
Төрлет деді Тұранның төркін жұрты,
Басталғаны осы екен мәңгіліктің!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі