Ештеңені ешкімнен жасырмап едім – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Ештеңені ешкімнен жасырмап едім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 758
Ештеңені ешкімнен жасырмап едім,
Сойқанын салған немене басымда менің?
Қап-қара бұлт құшақтап көтеріп кетіп,
Қанатын жайып қоныпты жасынға өлеңім.
Жасының тулап от шашты сілкініп қалып,
Азар да азар басылдым жұлқынып барып,
Өлеңнің ауыр салмағын көтере алмай,
Тұншығып жатты көк аспан қылқынып, талып.
Мен жүрмін шалқып өлеңнің мамығын жастап,
Жер бетіндегі пенденің тамұғын тастап.
Періштелермен дос болып әуезі әсем,
Жоғалмайтұғын рухын таныдым асқақ.
Оқыдым жырды есінен тандырып бәрін,
Періштелердің де бір сәтке жандырып жанын.
Алты қат аспан құшағын айқара ашып,
Бойыма құйдым сол жерде мәңгілік қанын.
Қаламымды бал сия – асылға малып,
Ақ шапанды шал тұрды қасымда ағарып.
Ынтасын қойып Құдайдың бұйрық-әміріне,
Бара жатты өлеңім жасында жанып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері