Тәтті қиялға жанды жүздіріп
Бұл бетте «Тәтті қиялға жанды жүздіріп» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тәтті қиялға жанды жүздіріп,
Шарапты іштім қанды қыздырып.
Өлең де жаздым, әнге де салдым,
Жүрегімді мәңгі қыз қылып.
Түп-түгелденіп құбыла деген,
Шарапты іштім құмыраменен.
Аймалап жатты ақырын келіп,
Бет-жүзімді шұғыла дөнен.
Бұдан бір асқан жылу бар ма, аға,
Сел болды сезім тығулы арнада.
Бұрала билеп жөнімен бөлек,
Қасымда болған сұлулар ғана.
Пейіште болар мүсінді тірі,
Келтірді Алла, түсінді түбі.
Қыз-қыз қайнаған қызыл шарапты,
Пияламенен ұсынды бірі.
Бұрын да мұндай төгілмедім-ау,
Мың батпан жүктен жеңілдедім-ау.
Сұлулар менен шарапқа мас боп,
Сыймай да жаттым өмірге мынау.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі