Ойға батып отырамын
Бұл бетте «Ойға батып отырамын» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойға батып отырамын,
Келмесе деп атыма мін.
Бауырымда сусындаған,
Қайда түсер жапырағым?
Кірпігімнен жас кеппеді,
Адам түгіл, тас та өкпелі.
Болашағым не болады –
Ештеңеге бас жетпеді.
Шай да батпай шайлығамын,
Шыңылдайды қай құлағым?
Кімге керек адалдығың,
Кімге дәрі қайғылы әнің.
Тұрған жоқ-ау қозым да оңып,
Тұрақтамас сөзім қонып.
Кетсем бе екен ың да шыңсыз,
Өзім менен өзім болып.
Қу тіршілік жағаласып,
Қайрылмады қабақ ашып.
Өлеңім де өртенеді,
Бара жатыр бәрі адасып...
18 маусым, 2004 жыл.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі