Мынау әлем бір сәтке көз ілгенде –
Әбілда Аймақ
Бұл бетте «Мынау әлем бір сәтке көз ілгенде» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мынау әлем бір сәтке көз ілгенде,
Оянды ма шөлдеген сезім менде.
Сабырсыздық санамды билеп алды,
Тынышынан айрылды сезім – көл де.
Сенің үнің ән болып қалықтады,
Күмбірлеген күй болып шарықтады.
Өңім менен түсім де араласып,
Қарсы алады өмірдің талып таңы.
Жел алдады сен болып желеңдеген,
Таңғы тұман арасы, елеңдегем.
Көңіл шіркін есіліп елжірейді,
Сезімімді тербетіп өлеңменен.
Жарқыратқан жарығы айналаны,
Таң сәулесі сен болып аймалады.
Менің жебеп жүретін періштем-ау,
Сенің бейнең төбемде айналады.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі