Төлеген Тоқбергеновке – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Төлеген Тоқбергеновке» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 952
Бұл күнде «данышпан» мен «көреген» көп,
Әкімдер көп нәрсені елеген жоқ.
Тәкен мен Асқар жүрді бізді айналып,
Бірақта Тоқбергенов Төлеген жоқ.
Төртеудің тойы болды дүркіреген,
Ағылды көмекейден бір түн өлең.
Есімнен кетпей қойды Тоқбергенов
Тасқындап тау суындай күркіреген.
Мұндайда кім жетер датың, көкем,
Мұңайды мұң жамылып пақыр мекен.
Қыртысты Қаратаудың бір жерінде
Беу, Төкең, теріс қарап жатыр ма екен?
Ұялдым, мазасыз ой мүйіздеді,
Біреулер атақ, мансап, сый іздеді.
Тоқбергенов секілді көк бөріні
Сұңқылдап Момбековтің күйі іздеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төлеген Тоқбергеновке өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Төлеген Тоқбергеновке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төлеген Тоқбергеновке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төлеген Тоқбергеновке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері