Бұл бетте «Әкем – әнім» атты Ғабит Тұрсынбайұлы жазған әке туралы өлең берілген.
Балалық шақ оралмас арман елі,
Сазды әуенге әкеміз салар еді.
«Қарағым-ай», «Маңмаңгер» айтылғанда,
Желпініп төңірегі қалған еді, қалған еді.
Қайырмасы:
Маңайды,
Арайлы,
Жанға жай леппен,
Аялап өткен,
Тәтті әуен – сағым алыс.
Мейірімді,
Пейіліңді,
Балажан көңіліңді,
Әкежан, сағынамыз, сағынамыз.
Ілестірген тай мінген бір баланы,
Құлағыма келеді қырдағы әні.
Қара жорға барады қара жолда,
Егін толқып, айдындай ырғалады, ырғалады.
Қайырмасы:
Маңайды,
Арайлы,
Жанға жай леппен,
Аялап өткен,
Тәтті әуен – сағым алыс.
Мейірімді,
Пейіліңді,
Балажан көңіліңді,
Әкежан, сағынамыз, сағынамыз.
Бізге қонған, әкежан, ізгі сенім,
Бастамаса биікті білмес едім.
Желеп, жебеп, қорған боп жүргеніңді,
Сезінем де жүрекпен тілдесемін, тілдесемін.
Қайырмасы:
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі