Жастар әні
Бұл бетте «Жастар әні» атты Ғабит Тұрсынбайұлы жазған жастар туралы өлең берілген.
Жарқын жүзді жайнаған,
Қиындықтан таймаған,
Жастар елдің ертеңі
Ел намысын ойлаған.
Қайырмасы:
Жастық дәурен сәнді,
Өтсе күндер мәнді.
Асыл жанды достарым,
Бірге шырқа осы әнді.
Келешегі келелі,
Жастарға жұрт сенеді.
Бабалардың мұрасы
Жерім неткен кең еді.
Қайырмасы
Нұрға бөлер ғаламды,
Білім өмір талабы.
Біз алмайтын асу жоқ,
Еңбек етсек табанды.
Қайырмасы
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі