Әбу Насыр Әл-Фараби

Бұл бетте «Әбу Насыр Әл-Фараби» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 3451
(870-950 ж.ж.)

Дүниенің тылсымын,
Қара жердің ұршығын,
Ұқтырдың-ау пендеге,
Көк аспан мен Күн сырын.
Бүкіл әлем бас иген,
Асыл текті шыншылым.
Жетпіс тілді меңгерген,
Жетпіс түрлі ел көрген,
Расытханаң әлемнің
Асылымен тең келген.
Ғазиза жырлар әуенге,
Сағынышы зерленген
Ордалы Ойдың бабасы,
Отырардың баласы,
Жер бетінің ұстазы,
Адамзаттың данасы.
Думандатқан бүгінгі
Түркістанға қарашы!
Сен болмасаң,бізді ешкім
Елемеген шамасы
Ғұламаны алымды
Тербеп жатқан Түркістан,
Азияда айдарлы
Көлбеп жатқан Түркістан,
Тойын тойлап бүгінде
Ерлеп жатқан Түркістан.

Әлқисса, музыка тілін терең меңгерген Әл-Фараби сазды (мелодияны) қағазға түсіру үшін таңбалар ойлап тапқан дейтін сөз бар. Бұл – бүгінгі музыкада қолданылып жүрген жеті нота – до, ре, ми, фа, соль, ля, си.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбу Насыр Әл-Фараби өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Әбу Насыр Әл-Фараби өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбу Насыр Әл-Фараби өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбу Насыр Әл-Фараби өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері