Жарығым, жаным, бал күнім – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Жарығым, жаным, бал күнім» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 798
Жарығым, жаным, бал күнім,
Ішінде өстің дауылдың,
Есімде бәрі ап-анық:
Ішкізген саған балды уын...

От кешкен бала шағым-ай,
Арманнан жүрер арылмай,
Шыңына ғана талпынтқан,
Өр Алтай,
Боғда Тауым-ай!

Көз жаздым мәңгі сендерден,
Бөлек қой,бірақ, ел деген.
Кіршіксіз балғын өмір-ай,
Құдіретті едің недеген?

Есіме алсам егіліп,
Кеудемді ащы дертіп мұң,
Туған жерге белгі ғып,
Алтайға тастап кетіппін.

2002 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарығым, жаным, бал күнім өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Жарығым, жаным, бал күнім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарығым, жаным, бал күнім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарығым, жаным, бал күнім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері