Жолаушы толғанысы – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Жолаушы толғанысы» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 718
Япырмау, неткен ғажап өңір едің,
Тапқандай саған келіп көңіл емін.
Тотыдай тоғай жапқан төңірегің,
Толайым дүниенің төрі ме едің?!
Жайнаған жарқын қандай жарасымың,
Жаһанның жамылғандай бар асылын.
Шалқиды шат көңілдің шарасы мың,
Қазақтың көріп сендей қарашығын.
Келісті көктемедей ніл түсіңменен,
Тартатын магниттік күшің де ерен.
Көргендей ғажайыпты түсімде мен,
Таң қалдым табиғатқа мүсіндеген.
Бұл қазақ сұлулықты көксегенде,
Қиырдан қонақ – турист, дос келерде,
Зерлеткен көру үшін көп шеберге,
Екен ғой Көкше – музей, Көкше – көрме!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері