Көкімге – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Көкімге» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2015
  • 0
  • 3
  • 18899
Бері отыршы, Көкімім,
Қандай екен өкімің?
Елді билеп алуға
Қай арадан бекідің?

Әлде бекіп келдің бе
Арын сатып бетіңнің?!
Бір тояйын дедің бе
Ақысын жеп жетімнің?

Әлде ғаріп көз жасын
Көрейін деп бекіндің?
Ашып жауап қайыршы,
Көкім, сенен өтіндім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Ерке

Тамаша

Меруерт

Ен керемет тамаша

Аяжан

Өте керемет

Осы автордың басқа өлеңдері