Көңілімнің көкшесі
Бұл бетте «Көңілімнің көкшесі» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүйем сені! Арым таза, сөзім шын,
Көңілімнің Көкшетауы өзіңсің!
Асылынан алқа таққан көріктің,
Бақытымның Бурабайы деп ұқтым.
Күміспенен күптегендей кемерін,
Арманымның Айнакөлі сен едің.
Сезімдегі Сексен көл боп толғадың,
Ойларыма Оқжетпес боп орнадың.
Қос аққудай жаным оған егіз бе,
Биші қайың боп тербелдің сезімде.
Жүрегімде Жұмбақтас боп жатырсың,
Жадымдағы жүрген Жекебатырсың!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі