Бұл бетте «Сен ұялшақ қыз едің» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
20.04.2021
0
0
1594
Сен ұялшақ қыз едің, Мен ұяңдау ұл едім.
Сен деп соғып жүрегім, Сел боп тасып жүр едім.
Сен алманың гүлі едің, Мен қайыңның бүрі едім.
Жанымда боп бір бақта, Жайнауыңды тіледім.
Сен балапан қаз едің, Мен айдынды жаз едім.
Көлімнен ұшып кеттің сен, Көркіңді көріп мәз едім.
Сен Баянның өзі едің, Мен ұнатқан Қозы едім.
Өртенсе де өзегім, Бәріне де төземін.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі