Қолымда балғын қауырсын – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Қолымда балғын қауырсын» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 496
Уызын емген анамның,
Сырларын түйген даламның,
Асылын терген бабамның,
Туған ел, сүйген балаңмын,
Алдағы күнге алаңмын.
Асығып айтсам жырымды,
Асырып айтты демеңдер,
Ашынып айтсам сырымды,
Асылық айтты демеңдер,
Ағайын, жұртым кемеңгер!
Бағамды бергін қауым шын,
Айтыңдар ақыл, тәуір сын,
Өздерің асқар тауымсың,
Жолымда бар мың ауыр сын,
Қолымда балғын қауырсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолымда балғын қауырсын өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Қолымда балғын қауырсын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қолымда балғын қауырсын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолымда балғын қауырсын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері