Қолымда балғын қауырсын – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Қолымда балғын қауырсын» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 515
Уызын емген анамның,
Сырларын түйген даламның,
Асылын терген бабамның,
Туған ел, сүйген балаңмын,
Алдағы күнге алаңмын.
Асығып айтсам жырымды,
Асырып айтты демеңдер,
Ашынып айтсам сырымды,
Асылық айтты демеңдер,
Ағайын, жұртым кемеңгер!
Бағамды бергін қауым шын,
Айтыңдар ақыл, тәуір сын,
Өздерің асқар тауымсың,
Жолымда бар мың ауыр сын,
Қолымда балғын қауырсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері