Бұл бетте «Қолымда балғын қауырсын» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Отан – ана, туған ел, ата мекен, Өр өлеңге өзіңді балап өтем. Сол үшін белді будым, нар тәуекел, Ер жігітте екі сөз бола ма екен?
Арманға жетем бе деп жалықпасам, Балдырған сырларымды халыққа ашам: Балаң жыр болашаққа шашуым деп, – «Ақырын жүріп, мен де, анық басам!..»
Ырыс елі, бұл ауыл, тоқтық елі, Тыныштық қой – мұндағы көп тілегі. Туыссырап бір үйге келсең де сен, Күллі ауыл мейманымыз деп біледі.
«Алысқа айда, аттарды алысқа айда, Желдей жүйткіп жүйріктер жарыспай ма? Жіберетін ат басын – жұлдызша ағып, Жігер қайда-ей, жігіттер, намыс қайда...
Көкірегіңнің аршыған тұнбасын кіл, Тәлімгердің таудай зор тұлғасын біл: Ұлы міндет атқарған ұстаз деген, Ақылгөйің әрі дос, сырласың бұл.
Жолаушым, орақ кезінде, Арқаға келсең аралап; Шалқыған ұқсап теңізге, Шалықтап жатар бар алап.
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі