Көгілдір әлем
Бұл бетте «Көгілдір әлем» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өңірің өңшең өрім гүл, Көлдерің – күміс, көгің – нұр;
Көргенде сені көңіл дүр, Көгілдір, Көкшем, көгілдір.
Аңқыған әтір айналаң, Жасарып жылда жайнаған.
Қойнауың еңбек қайнаған, Қайнаған еңбек бай далам.
Еңбекпен өскен ер елің, Тасытқан табыс кемерін;
Төскейі – төлді, белі – егін, Жер едің, неткен, жер едің.
Самғаған талмай дүлдүлің, Сайраған тынбай бұлбұлың;
Сен дер ем ән-үй кіндігін, Гүлгүлім, Көкшем, гүлгүлім.
Кеудемді кернеп керім жыр, Менің де шалқыр жерім бұл;
Көңілдің бұлты-ау, көгілдір, Көгілдір жырды төгілдір!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі