Бұл бетте «Көктем» атты Тортай Сәдуақас жазған табиғат туралы өлең берілген.
Шабытпен шүлпілдеткен көп кемерін,
Күндер-ай, тебіренген көктеменің.
Жасаулы қыздай жайнап көз тартады,
Ақ қайың, ару тал мен көк терегің.
Келбетін шуақ жуып, шарпыған нұр,
Манаурап тәтті ұйқыға балқыған қыр.
Бу тарап буынына бел-белестің,
Исі-ай, әтіріңнің аңқыған бұл.
Айшықтап әйбәт тау мен әз далаңды,
Аруың абат бақтар назданады.
Көліңнен әуелейді шартарапқа,
Күміс көмей құстардың жазған әні.
Төріңе төсеп кілем – мақпал сағым,
Көктемде түлеп мынау жатқан шағың:
Тойың ба, топ жарған бұл салтанат па, –
Кел, төрлет, жан досымдай қатты аңсадым!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі