Зілді бұйрық
Бұл бетте «Зілді бұйрық» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Верныйден» жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. ,
«Отыз бір - он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы халық, малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -
Дейді де еңірейді, егіледі,
Қайғының күні-түні күйін тартып.
«Верныйдың» қадам баспай қаласына,
Кемпір, шал жылап жатыр баласына.
Ешбір ем табылмады іздесе де
Халықтың жүректегі жарасына.
Пристав келіп қалды бала сұрап,
Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап.
«Қырсаң да баламызды бермейміз» деп,
Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап.
Пристав ашуланды «аламыз» деп,
Жігіттер тұр: «Бармаймыз, қаламыз, - деп. -
Егер де бұл түріңді өзгертпесең,
Басыңа бір ойранды саламыз!» - деп.
Ел-ел боп жиылды кеп әрбір сайға,
Ал әлеумет, қараңдар мына жайға.
Сеңдей болып соғылып толқындады,
Бір сая бола ма деп шыбын жанға.
Жиылды бозбалалар бір кезеңге,
Қарғалы деген тасқын бір өзенге.
Пристав кетті: «Еріксіз аламын, - деп, -
Көресің бұл істі! - деп, - кезегінде!».
Бәрін де ол пристав жаттап алды,
Басшыларын қағазға хаттап алды.
Аттандырып бұл елге солдаттарын,
Басты-басты кісіні саптап алды.
Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз,
Жанында қан, малында қалмаңыз.
Оразаның күні еді сол уақытта,
Бұл күнде оразаны не қыламыз!
Суында Қарғалының ауыз ашты,
Бір пәлекет халыққа душарласты.
Басшылары кеткен соң, тағат алмай,
Жиылған жұрт дағдарып, жанталасты.
Келді де, алып кетті жақсыны айдап,
Барады боздақтардың көзі жайнап.
Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз,
Жөнелді абақтыға соры қайнап.
Жақсыдан жақсы қоймай, алды санап,
Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ.
Білмеді не болғанын сырттағы ел,
Қамалғандар тірідей тартты азап.
Шулайды абақтыға қамалған көп,
Сырттағы жұр: «Біз енді қайтеміз?» - деп,
Губернатор жандарал жауапқа алды:
«Жайлауда ту көтеріп шапқан кім?» - деп.
Ешқайсысы айтпаған соң, айғай сап кеп,
Өзі айтты жандаралдың «Бекболат!» деп.
Бекболат бола қалса ту көтерген,
Бұйрық қылды: «Дараға асып, тарт!» деп.
Қалиқұлды бірге жазды дарасына,
Байбосын қоса кетті арасында.
Абақтыда қалғандар естен танды,
Көзінің қамшы тиіп қарасына.
Әкетті байғұстарды арбаға сап:
«Иманыңды айтатын молдаңды тап.
Үндеріңді шығарма, өңкей надан,
Мұнан былай сөйлеме, аузыңды жап!»
Самсыны* алған екен Ботпай** қамап,
Оларды жігітімен кетті сабап.
Тұтқындарды босатып ала алмады,
Бір пәлеге екінші пәле жамап.
Пристав та Самсыға барған екен,
Жәнібектің мешітін қамап алған екен.
Жәнібек қажы жанына ара тұрды,
Бір болыс ел жиналып барған екен.
Ала алмай күні бойы әлек болды,
Жәнібек приставқа себеп болды.
Ертеңінде құтылып, Ұзынағашқа
Паңдатып келе жатты қара жолды.
Бөлек-бөлек топтанып, шоқтай болып,
Бай көпесті өлтірді Ботпай болып.
Қолына онан басқа түк түспеді,
Кезсе де бұл маңайды әбден шолып.
Ақыры ұлыққа түк қыла алмастан,
Не боларын бұл істің біле алмастан,
Күш жинамай, қарусыз ұрыс қылып,
Бозбаланы бітірді кек алмастан.
Шиенде* де әскерлермен ұрыс болды,
Сол ұрыста топ басы Саттар өлді.
«Саттар өлді, ел қашты» деген хабар
Ел-елдерге жайылды оң мен солды.
Шұбырып тауға қарап ел жөнелді,
Не боларын соңының кім біледі?
Тауға шығып өрмелеп, тасқа бұғып,
Елдің бәрі жанынан түңілді енді.
Ертеңінде ел-елге әскер барды,
«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды.
«Қашқандарды атады» дегеннен соң,
Таудағылар кірер жер таба алмады.
Аттандық ұлығының қонысына,
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында.
* Самсы - жер аты.
* Ботбай - ру аты.
* Шиен - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Суықтөбе тауының солтустігіндегі елді мекеннің аты.
Коп рахмет
Маған қатты ұнады сіздерге көп раxмет сіздерге алғыс білдіремін
маған қатты ұнады сіздерге көп рахмет
Алакай сиздердин аркаларынызда 5 алатын болдым
Жамбыл Жабайев маган катты унайды биыл 170-жылдыгы болады.
Оте керемет жазылган коп рахмет
Оте керемет жазылган коп рахмет
Өте керемет. Тамаша
Осындай бабаларыммен мақтанам.Қазақ шығармалармаларын бүкіл əлемге таныту керек.Қазақ ақындарының қандай құдіретті екенін білсін
Көп көп рахымет сіздерге
Ураааа "5"алтын болдым
Көп рахымет сіздерге
коп коп рахмет
Керемет!
Комектериниз коп тиди
Рахмет осындай бабалырымызға алғысым шексіз
Көөөөп рахмет
тамаша
Өте өте керемет
Осы сайттын болганы кандай жаксы болды кез келген оленди табуна болады сиздерге коп рахмет
Рахмет
өте көп рахмет
Өте керемет өлең. Жамбыл Жабаев өз өмірінде қаншама қиындықтарды өткізді. Соның бірі "Зілді бұйрық".Сіздерге көп рақмет
Өте өте керемет Қаламқаспен келісем
Ғажап сөздер.Маған ұнады. Көп рахмет
Осындай сайттар кобейсын $$$
Иа өте жақсы!көп рахмет
Жамбыл атамның аруағы бір аунап тұрған болар,сайттан бәрін таба аласың молодцы
Рахмет осындай ата бабаларымыз болғанына мақтанам
Осындай аталарымызи керемет қой
Өте тамаша аталарымыз керемет қой
коооооооооп кооооооооп рахмееееет аитамын
өте керемет маған ұнады көр көп рахмет
Көп көп рақымет сіндерге алғыс
Өте керемет
Маған қатты ұнады.
Өте керемет
Өте керемет
Өте керемет
Өтініш маған бұл өлеңнің қай жылғы тарихи оқиғамен байланысты болғанын жазып жібересіздер ме?
Оте керемет жазылган коп рахмет.
Көп-көп рақмет сіздерге.Қазақтар әрқашан алға!!!
Зілді бұйрық өлеңінің ұлттық құндылығы кандай?
Көп-көп рахмет!!! Осы өлеңді іздеп едім.
Өте керемет!
Көп-көп рақмеет!
Өте күшті тіпті жылағым келіп кетті
Эх...шынымен осы сайттан бəрін таба аласың көп көп рахмет
Коп коп рахмет
Маған каты ұнады коп рахмет сіздер маған жаксы ой тастадыңыз.
Өте керемет!сөз жоқ!!!
Рахмет
Өте керемет
керемет
Керемет
Кильки жегім келіп кетті
Көп рахмет!
Өте керемет мен бұны енді ғана көрдім күштіғо нау
БҰЛ ӨТЕ КЕРЕМЕТ БОЛДЫ ӨТЕ КӨП РАХМЕТ МЕН БУНЫ ЖАТТАП АЛДЫМ
өте керемет
Көп рахмет өте керемет жазылған.
керемет маган ұнады сіздерге рахмет
Жамбыл Жабаев атамыз өз халқы үшін күрескен ақын.Өлеңдері өте керемет
Маган катты унады
Жаксы
Өте керемет өлең
Рахмет керек кезде табыла кетт
өте тамаша,көп-көп рахмет
Көп рахмет және керемет жазылған
Жақсы жазылған бірақ қателер өте көп
Нұралы, қай жерлері қате?
Өте керемет сіздерге көп-көп рахмет сіздердің арқаларыңызда 5 шығатын болдым
Өте керемет
коронавирус ертен бытеды
Өте аз өлеңдер
Естелік
Жамбыл Жабаевтың Зілді бұйрық өлеңі тамаша
Сенің кесіріңнен екі алатн болдн????????????????
Айсана мен 2025 жылдан жазып отырмын , бірақ сенің сұрағанда жауап берейін( жалпы бұл өлең 1916 жылғы көтеріліс жайлы)
Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі халықтың қайғысы мен батырлыққа толы тарихи оқиғаларды көркем тілмен бейнелейді. Ақын сол кезеңнің ауыртпалықтарын, ерлік пен азаттыққа ұмтылысын өткір сезіммен жеткізеді, бұл шығарма қазақ поэзиясының рухани және тарихи құндылығын ашады.
Кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое кое