Айнакөлім – күйтабағы аумаған
Бұл бетте «Айнакөлім – күйтабағы аумаған» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айнакөлім – күйтабағы аумаған,
Күйсандық боп елестейді тау маған.
Жел елгезек жүгіреді ән салып,
Көк толқыны көңілімді аулаған.
Кең алаңға көз қиығын салсаң бұл,
Баурап алар биімен бір ансамбль:
Бұл атақты – «Биші қайың», беу, қыздар,
Биле, биле, бұраң белім, тамсандыр!
Алақанын шапалақтап жапырақ,
Ақан әнін айтатындай атырап.
Тебіреніп қосыласың сол сазға,
Табиғаттың тамашасын бақылап.
Міне, міне, тағы да әнге басты көл,
Елтіп қапты аспан, орман, тас түгел:
Салтанаты сынды мынау өмірдің, –
Өнерлі елде өтіп жатыр гастроль.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі