Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 545
Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім,
Жаздай, Айнам, бір қызыққа батты елің.
Аққу қыздар айдынында, беу, қандай,
Құралай көз, кептер кеуде, тәтті ерін!
Қонақ келсе қошеметтеу салтың шын,
Мөлдіріңе тас атқанды ант ұрсын.
Сәулетіңе күнде көріп ғашықпын,
Қиырдан кеп құмар болған жан тұрсын.
Серуен құрып келген жандар сейілмен,
Сенен табар сері мінез, пейіл кең.
Ана болып қарсы аласың аңқылдап,
Қарсы аласың бәрін ыстық мейірмен.
Айнакөлім, шабытты өлке, шатты өңір,
Сенде өйткені сәнді тұрмыс, тәтті өмір;
Алауыздық болмас та еді адамда, –
Болса егер де бәрі сендей ақ көңіл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері