Қар жауып тұр

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 927
Қонбасам ба, қонсам ба деп, қалықтар,
Көз алдың көп көбелектей мамық қар;
Терезеңнен телміріп құр қамықпай,
Жылымықтың жырына, еркем, қанып қал.
Алақанға қонды, міне, ақ тамшы,
Ұлпа қарым, үлпегіңмен сақталшы.
Тұра тұршы, тұра тұршы, ерімей,
Жақұтсың ғой, жарқ-жұрқ етіп жатсақшы.
Қар дейсің бе, қаптаған бұл кеңістік,
Сезім делік, – Келістік пе, – Келістік.
Онда осы махаббатың алғашқы,
Ең сүйкімді, ең аяулы, ең ыстық!
Көрісті әне, жаутаң жанар ұялшақ,
Сан қарасты, аймаласты қиялша-ақ.
Тіл күрмеліп телміреді тек үнсіз,
Жас жүрегі жалындайды сүйе аңсап.
Осылайша сезім шіркін арбасты,
Мынау әсер ғұмыры естен қалмас-ты:
Ең алғашқы махаббаттай пәк, ұяң,
Қар жауып тұр, қар жауып тұр, алғашқы!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қар жауып тұр өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Қар жауып тұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қар жауып тұр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қар жауып тұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері