Айлы түнде – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Айлы түнде» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 832
Төбеңде самсап қалған, Үбірлі-шүбірлі аспан.
Төменде аңсап қалған, Ғашықтар сыбырласқан.
Ауылды ұйқы басқан, Жастар жүр көл жағалап.
Серуен мен биге ұласқан, Ақ түнді олжалап ап.
Жақтауын ұрған жардың, Тыншыпты көл еркесі.
Жағада тұрғандардың, Жалғыз-ақ көлеңкесі.
Ай төккен шапағат нұр, Шақты олар ұнатады.
Себебі махаббат гүл, Түнде де бүр атады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері