Өлең, жыр, ақындар

Тығын

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1020
Қарлы жолды қоймады омбылатып,
Алдыңнан өмір нұрлы жол құлатып.
Иығыңа қол емес қанат бітті,
Қыран құс — маңдайыңа қонды бақыт.
Адымың асуларға барады асып,
Жымдасып —
Көк пен жерде — ара қашық.
Кеткендей көз алдыңда бірте-бірте,
Кешегі алыс-жақын араласып.
Дария — ырыс,
Шыққан сәтте тасып алға,
Ақ көбік толқын атпай басылар ма?
Сенгісіз:
Дүниеде қайғы бары,
Белгісіз:
Досың жоқ па,
қасың бар ма?
Білсең де бал-бұлақ сый ағарын мың,
Алдыңда бар абырой,
Бар арыңның,
Тығыны ашылғалы —
Шараптың да,
Тығыны басылмады
Араныңның.
Өмірдің өзенінде өтер нелер,
Бұл бақыт —
Дүниеден кетер-келер...
Бақ қонған іздеріңдей босап жатты
Ақ тілегің атанған —
Бөтелкелер.
«Түбіме жеткен менің осы ақ тілек»
Өткен күнге өкіндің:
«Бос ақты»,— деп.
Бекерге босамады бөтелкелер,
Маңдайға қонған бақты босатты кеп.
Кінәлі өзің үшін,
Өзге емес тек,
Қиялыңда кешегі кездер еспек.
Бұл күнде отырасың талай-талай,
Босаған бөтелкелер көзге елестеп.
Қабағын —
Түйіп алды қырын қатып.
Өзіңмен бірге күлген бұрын бақыт.
Сен бүгін көп аңсайсың «достарыңды»,
Жататын бөтелкеден тығынды атып.
Кешегі көп «досыңды» сығымдар ма ең?
Бірақ оған жетпейді:
Бүгін дәрмен.
Бақытың маңдайыңнан кеткен ұшып,
Кешегі кеп атылған тығындармен!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр

  • 0
  • 0

Таңымдай қуанышым бар осында,
Жанымдай жұбанышым бар осында,
Арымның шамшырағы бар осында,
Қанымның тамшылары бар осында,

Толық

Білесің бе сен

  • 0
  • 0

Білесің бе сен,
Мен жаңа ес білгенде,
Сен-періште едің,
Балауса едің.

Толық

Сәлем саған, қарт Каспий

  • 0
  • 0

Аспанменен астасқан баурайың көк,
Баурайыңды жырыммен баурайын деп,
Қарт Каспий, сені іздеп, келдім саған,
Құшағыңда балаңдай аунайын деп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар