Өлең, жыр, ақындар

Мектепті сағындым

Мектеп кезі қайта оралып келмейді,
Естеліктер сағынышты емдейді.
Бəрін бəрін еске алып, ой санам
Студент болып жүргеніме сенбейді.
Сенбесіне амал бар ма, шындық сол,
Алда күтіп тұр ғой сынақ, ыстық жол.
Ыстық жолдан табан күйіп өтсе егер,
Тəжірибе жинадық біз қызық мол.
Қай қызығын айтсам екен мектептің,
Сол ұяда өсіп , өніп, көктеппін.
Көктеуіме көмектескен ұстаздар
Қателессең қайта, мүлде сөкпепті.
Соның бəрін түсініп тұрм тек қазір,
Оралуға сол мектепке жан əзір.
Алдамайын, олай болмас, білемін
Осындай да тағдыр шығар əзəзіл.
Құрбылармен көп ұрысып, табысқан,
"Бізден тату жан бар ма?"- деп жарысқан
Əр сыры мен қиындығын шешетін
Аман болсын сол бір достар алысқан.
ЕНТ деп бас ауырып қаншама,
Ұран болды тек жалғыз сөз "шаршама!"
Сен мықтысың, ақылдысың, көрде тұр,
Алып шығар ЕНТ-ні бар шамаң.
Бұл да өтті, сынақ еді жай ғана
Тапсыра алмай жылап едік ойлана
"Енді қайда барамыз біз,не істейміз?"
Деген сұрақ маза бермед(і) ойға да
Ол да өтті, оқып жүрміз, студентпіз,
Əр жердеміз, бірімізден бөлекпіз.
Бірақ ол да мəселе емес, себебі
Болашаққа жол ашатын көмекпіз.
Анда санда шабыт келер байқамай,
Оны қалай көрмей өтем қайталай
Берсе маған осы жазған сөздерді
Миымның бір бөлігіне айқалай.



Пікірлер (2)

Жанар Д

Мен де мектептің күндерін сағынамын! Жасым отыздан асып кетсе де)

аружан

Мына өлең жолдары не деген керемет шығарылған тамаша

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз