Санамақ – Шөкімов Сағибек

Бұл бетте «Санамақ» атты Шөкімов Сағибек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Он дегенің гүл
Гүлді баптай біл
Жиырма дегенің жыр
Кiшкене белес, қыр
Отыз дегенің орда
Болмағайсың торда
Қырық дегенің қылыш
Күтедi сенен ұлы іс
Елу дегенің ер
Барыңды елге бер
Алпыс дегенің дән
Сұлу сазды ән
Жетпіс дегенiң желкен
Көркейген туған өлкең
Сексен дегенің сенім
Ол қарттығың сенің
Тоқсан дегенің тері
Бұрылу қиын кері
Жүз дегенің сырық
Мойынға түскен құрық


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері