Таппаспын сендей салақты
Бұл бетте «Таппаспын сендей салақты» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Атаң сенің Таңат-ты,
Жұртты аузына қаратты.
Мені үйіңе шақырып,
Алып кепсің арақты.
Қарасаңшы, шіркін-ай,
Жырым-жырым балақты.
- Тарғап, Самсы ауылынан
Таппаспын сендей салақты.
Сарнасын ақын, сарнасын,
Төреге сөзін арнасын.
Тыңдамаса ол төре,
Халық тыңдар жалғасын.
Жарлыға қорлық көрсетіп,
Әуреге бай салмасын.
Түн қараңғы дүниенің
Ататұғын таңы бар.
Қараңғының шырағы -
Жанатұғын шамы бар.
Дүниенің тұрағы -
Тағдырдың өлшеу сынағы,
Өркендейтін заңы бар.
Жамбыл Жабаевтин олендери оте керемет сиздерге коп рахмет
оте адеми жазылган
Өте керемет Жамбыл Жабаевтың өлеңдері
Өте керемет əдемі əрі
Абайдың басын берсін
Жамбылдың жасын берсін
Өте керемет