Өсиет
Бұл бетте «Өсиет» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ой-хой, дүние серуен!
Адам бір көшкен керуен.
Дүниені қызық қалдырып,
Асамыз өмір белінен.
Кірсе лебіз - шықса жоқ,
Қауіп етіңдер өлімнен.
Қылышбайдан таралып,
Сөз нұқсасы келінген.
Дос-жаранға, кемтарға
Қайырлы бол делінген!
Қылған қайыр болмаса,
Не әкетесің өмірден?!
Дәулетіңнен не пайда
Таусылмастай көрінген?!
Жалғыз мұраң сол болар -
Қол қайырың берілген.
Басқа дүние бірі де
Көмілмейді кебінмен.
Көп қарға тең келмейді бір сұңқарға,
Көп жылқы тең келмейді бір тұлпарға.
Жақсының әрқашанда жөні бөлек,
Жаман адам жарамас бір қымтарға.
Маган Жамбыл Жабаев атамыздын олендери катты унайды....
Тамаша
керемет керегимди тапты рахмет
рахмет
маганда
маганда
маганда
Привет мерей и жұлдыз
Рахмет bilim-all
рахмет
өте күшті мағыналы өлеңдер
Жамбыл Жабаев атамыз дарынды. Атамыздың өлеңдері керемет. Бұл өлеңдер мағыналы,түсінікті. Көп көп рахмет Жамбыл ата жəне @bilim-all.kz
Тамаша создер
Маған өте қатты ұнады сізге рахмет автор!!!
Рақмет өте керемет!
Өте керемет
Рахмет @bilim-all.kz
Өте керемет
Жамбыл Жабаевтың 'Өсиет' өлеңін оқып, көңілім босады! Рухымызды көтереді, өмірді мәнді етеді. Рахмет!