Қызыл іңір арасында – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қызыл іңір арасында» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 803
Қызыл іңір арасында,
не түнде,
Есіңе алып өксіме де өкінбе.
«О шіркін де
ет-жүрегі езіліп,
осы қазір қай жетісіп отыр!»—де.
Жылыма да
жүрегіңмен келіспей,
Кінәлама қылығымды теріс кей,
Күрсін де қой: «Төсегіңде дөңбекшіп,
аласұрып жатқан шығар»,— деп
іштей.
Қызылы іңір арасында,
не түнде,
Мені есіңе алып бекер өкінбе,
«О, шіркін де жан-жағына
жалтақтап,
жаны езіліп, жалғызсырап отыр!» — де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл іңір арасында өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қызыл іңір арасында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл іңір арасында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл іңір арасында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері