Өкпелеп итіне де – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Өкпелеп итіне де» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Өкпелеп итіне де,
битіне де,
бұзылып бара жатыр ұйқы неге,—
күлді ме қайдағы бір сұмырайлар,
үрді ме құдай атқыр күйкі неме?
Қатарлас,
қарады деп,
ер кекиіп,
Қайтерсің беттің арын белге түйіп,—
Ашылмай қарсыластың қабағы да,
жүрген жоқ табаны да жерге тиіп.
Бұл күнде жалпағынан қырды басып,
біреулер қатарынан тұрды ма асып,
құрбымен күш сынасып шыға келер,
кеу-кеулеп,
кеуделерін ұрғыласып.
Өзіңнен төмендер де,
кемеңгер де,
еңіреп елдің қамын жегендер де
алқынып,
алып-ұшқан көңіліңді
айналып отырып-ақ бөгер демде.
Ол үшін жылайсың ба,
күлесің бе,
әйтеуір, жүрсін дейсің ұл есінде,—
көңілің шарламас та қиырды аса,
өзіңе бұйырмаса үлесің бе!..
Қарамай қауқарына хал-шаманың,
жасымнан иілуді ар санадым,—
таппадым туралықтың жолын өңге,
қайда жүр сонымен де жанса бағым!
Көріп ем қыр көрсетіп жатқа біраз,
одан да ұтып келе жатқаным аз,
Не қалды бардан безіп,
тоналмасқа,
көңілім одан басқа таппады лаж.
Бұл күнде әлекедей жаланбайды ән,
титықтап,
тығырыққа қамалды айлам..
...Жаман деп барлығынан безер едім,
жақсыны, шіркін, бірақ табам қайдан?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкпелеп итіне де өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Өкпелеп итіне де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкпелеп итіне де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкпелеп итіне де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері