Түлемедім, қаншама

Бұл бетте «Түлемедім, қаншама» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 679
Түлемедім, қаншама,
жүдемедім,
үйіріліп ұршықтай,
үдегемін,
қыр төсінде халыққа жыр оқыдым,
жұрт есінде қалып па бір өлеңім?
Екіленіп,
қалай да,
екпіндедім,
шаң қаптырып талайға кеттім, дедім.
Көзімді ілмей жүрем де күні-түні,
өзім білмей келемін — өткір ме едім!
Құлагермен құйғытып қыр төсінде,
тыңдағы елдің түнегем күркесінде,
бағым менің сонда да жанбады ма,—
қалмады ма бір сөзім жұрт есінде!
Шығып та жүр жұқалтым кітаптарым,—
жырға сусар жұртыңды жұтатпадым.
Менікі деп біресе елдің төрі,
көр білтелі көңілді тұтатқанмын!
Күміс болып шықпай ма күрегенім:
бір тіріліп күніге,
бір өлемін,—
аң-таң болып сонда да жүрмін, бала,
кімнің ғана аузында жүр өлеңім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түлемедім, қаншама өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Түлемедім, қаншама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түлемедім, қаншама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түлемедім, қаншама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері