Қалиға – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Қалиға» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2015
  • 0
  • 3
  • 21429
Ей, Ордабайұлы Қалиым!
Үстіңде тұр ақ үйің,
Қасыңда тұр қара үйің.
Атағыңды білемін,
Сыртыңнан-ақ таниым.
Атан сұрап, ат сұрап,
Деп келгем жоқ жариын.
Байдабектің бірі едің,
Сарбәйбіше ұлы едің.
Сартауқұмды мекендеп,
Баяғыдан жүр едің.
Сахарада қонысың,
Малға толы өрісің.
Сойылыңды соғып тұр
Болысың мен орысың.
Біздей жаһан кезбені
Қомытсынсаң, қомытсын.
Бірақ айтып кетейін,
Жүзім қайтып көрген жоқ,
Сенен қорқып нетейін.
Күле-күле жүрсін ел,
Менменсіген пейіліңді
Елге жайып өтейін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Наби Айгерим

Жамбыл атамыздын андери керемет жанынды тебирентип жибереди

Мөлдір

Өте керемет өлеңдер

Осы автордың басқа өлеңдері