Қилы күндер – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қилы күндер» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1266
Кешелер мынау аспанды
тұрғандай едім мен тіреп.
қилы бір күндер басталды,—
тірлігім кетті тентіреп.
Келді ме дүние дерті анық,
көміліп күлге күлгенім,
кеудемді түгел өрт алып,
не болып кетті —
білмедім!
Бірімін деуші ем ірінің,
пірімін деуші ем мен де елдің,
естілмей қалып тұр үнім,
есірік жандай сенделдім.
Кешелер менің сөзімді
тыңдайтын еді жұрт ұйып.
Танымай тұрмын өзімді —
талықсып жүрек, үрпиіп.
Есе де алмай жүрдім бе,
қолыма берген ескекті —
көбейіп дұшпан бір күнде,
тоң-теріс болып дос кетті.
Көлденең жатқан тасты алып,
бізге де мойын бұрды кім,
қилы бір күндер басталып,
қыңсылай қашты тірлігім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қилы күндер өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қилы күндер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қилы күндер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қилы күндер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері