Қаймығады – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қаймығады» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 610
Тірі жанның берместей біріне есе,
көкірегім зор еді күні кеше,
ұрандаса кетуге әзір едім,
қайраты бар қазақтың ұлы десе.
Бар-жоғымды сездірмей өр көкірек,
төреңізді көзге ілмей — төрге өтіп ек.
Терлетіп ек сан жүйрік, санасы бар
елге пана болам деп, ерге — тірек.
Көтермелеп жалғызын, жұптасын да,
жарасам деп жүрдім-ау ықтасынға.
Жүре келе өзіме үрді бірі,
тура биді туысқан құптасын ба.
Сыралғысы сырт беріп, сырласқаны,
мұңдастары
тұрады ымдасқалы.
Құнан жауыр болды иық келе-келе,
көкіректі сол биік кім баспады.
Бірі кетті ағалап ұры-қарды,
бірі кетті жағалап ығы барды,
шығып алды біреуі жел жағыма,
кімі кетіп, білмедім, кімі қалды.
Ерге пана болам деп,
елге — тірек,
терлетіп ек тұлпарды,
төрге өтіп ек,
Неге бүгін бәрінен қаймығады,
жерге сыймай жүретін зор көкірек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаймығады өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қаймығады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаймығады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаймығады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері