Абайға арнау
Бұл бетте «Абайға арнау» атты Сайра Зиятова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазақтың жүрегіне жақын болған,
Ешбір адам тең келмес ақын болған
Дарасың ,данасың сен əрқашанда,
Орның бөлек, ерекше атың қорған.
Пушкин мен Лермонтовтың шығармасын,
Қазақшалап мазмұнын дəл аударған
Қарасөзің, əн менен өлеңдерің,
Барша қазақ баласына таныс болған.
Шəкірттерің Шəкəрім, Мағауия,
Артыңнан өшпес мəңгі із қалдырған
Ахмет Байтұрсынов текке айтпаған,
"Қазақтың бас ақыны" деп жыр қылған.
Мұхтар сынды қазақтың ақыны да,
Бүкіл ғұмыр,тарихыңды жазып шыққан
"Абай жолы" романы біздер үшін,
Қазақтың тарихындай боп жатталған.
Өшпесін мəңгі атыңыз,
Өшпесін мəңгі даңқыңыз
Артыңнан ерген жас ақын,
Орныңды басар халқыңыз.
Көп-көп рахмет саған жас ақын
Жас ақын емес шығар қайдан білесің?
Басканы былмеи мын маган оте катты унады
Өте өте керемет, тамаша. Өркеніңіз өзге жүзсін. Шығармашылық табыс тілеймін.
Күшті
Өлеңіңіз жаксы екен магыналы, уикасы да бар екен маған да быр көмегіңіз тиды рахмет
Мен абайға арнау тапа аламай жатырмин көмектесыңыздершы
өлең ұнады рахмет сізге
Өте керемет