Жалғыздығыма тиіспе! – Абзал Алтый

Бұл бетте «Жалғыздығыма тиіспе!» атты Абзал Алтый жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қол бармайтын әдеті ғой кей іске
Мендік ойлар қаңғырып жүр, күй іште
Қызықтырса қалауыңша сынай бер
Жалғыздығыма тиіспе!

Мен түндерден жаратылғам қап-қара
Таң күзетіп тұрған шақта қақпада
Мен сүйемін барлық түсін ғаламның
Ұнамайды ақ қана

Неге демей ұғынып ал жақсылап
Мен ешкімнен жүргенім жоқ тақ сұрап
Ақтығыңды ұнатпауым заңдылық
Айналамда көбейгенде ақсымақ

Жүйесіз сөз зілі батпан қорғасын
Қам көңілдің бұзып өтер ордасын
Тірі кезде жаман сөйлеп не керек?
Өлгеннен соң ақтап алар болғасын

Өмір бар да мен де құлайм,сүрінем
Тағдыр солай алысады тірімен
Екі жұлдыз көктен биік құласа
Бірі-уақыт,бірі-мен!

Оған дейін мейлі жолың қиыс де
Әлі талай мен шертетін күй іште
Мен қалаған кезде ғана үйленем
Жалғыздығыма тиіспе!

(С) Абзал Алтый


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздығыма тиіспе! өлеңінің авторы кім?

Абзал Алтый — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздығыма тиіспе! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздығыма тиіспе! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Алтый өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздығыма тиіспе! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар