Қайда барып – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қайда барып» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1142
Қайдағы күйкі тірлік,
күңкілге еріп,
бара ма күннен-күнге күлкім кеміп,
шалардай ызғар-өмір үсігі анық,
алдыңа түсіп алып бүлкілдедік.
Алмады,
амал қанша, ығына айым,
тағдырдың,
қайда барсам,
мұңы дайын.
Алдайды үмітің де,
үгітің де,
қалмайды қыр соңымнан бір уайым.
Өзім де мұңға бола туғам ба анық,
тірліктің қай уына уланбадық,—
арыла бастадым-ау дегеніңше,
шығады тағы бірі сумаң қағып.
Жанымды жалаң қайғы жайлап алып
қатерге басты қанша байламадық,
жұтынан
діңкілдеген көңілімнің,
құтылам, құдайым-ау, қайда барып?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда барып өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қайда барып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда барып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда барып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері