Ғашық болған жоқ шығармын – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ғашық болған жоқ шығармын» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Ғашық болған жоқ шығармын,
кешір мені, қылықтым,
солқылдаған көк шынардың
саясында тынықтым.
Өмірдегі ұлы кінәм,
осы десем —
оңбаспын,
тас бұлақтың тұнығынан
тал түсімде шөл бастым.
Тартты өзіне иісің бірден,
тарылды да арамыз,
Көрген жанды сүйсіндірген,
қуыршақтай қара қыз.
Теңбіл аспан жұлдызына
теңгеріпті сені кім.
басқа жұрттың мың қызына,
бере қоймас серігім..
Ғашық болдым өліп-өшіп,
десем,
ешкім нанбас та,—
басқаларға берік есік
ашық күйі қалмас па?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашық болған жоқ шығармын өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ғашық болған жоқ шығармын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашық болған жоқ шығармын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашық болған жоқ шығармын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері