Алматым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Алматым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.11.2016
  • 0
  • 2
  • 9800
Ақын біткен үзілдіре жырлаған
өрлі қалам, нәрлі қалам, нұр қалам.
Бүлкілдейді бұлбұл көмей бұлағың,
аспаныңда, тастарың да тұнған ән.
Асыл қалам, жасыл қалам, асқағым,
көңіл сенен ажырамас қас-қағым.
Бала жастан бауырыма басқаным -
Басарығың, Көкбазарың, Тастағың.
Жерұйығы,
жұмағына балап ұл
бас қалам деп бағаланды дара бір.
Ақордасы, Бақордасы қазақтың
Абай тұрған,
Жамбыл туған қала бұл!
Атынды да әлем танып, ел білген,
сен дегенде көңіл өсіп, жел кірген.
Өнегем деп, дөдегем деп қашанғы,
қала біткен бір әзіңе телмірген.
Жұмбақ
қалам, қымбат қалам - Алматым,
саған қарап сұқтанбаған
бар ма түн.
Сазынды да, назынды да көп тындап,
Жүрегімде жазылды да қалды атың ...

2001 жыл


Пікірлер (2)

Дильназ

Оте керемет

Айзере

Өте керемет күнде оқуға болады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматым өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Алматым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері