Ардақты ата-анам
Бұл бетте «Ардақты ата-анам» атты Арынова Аружан жазған ана туралы өлең берілген.
Әке-шешем аялаған, саялаған
Біздерден ешнәрсесін аямаған.
Айналайын, құлыным деп еркелеткен,
Бар білгенін жан-тәнімен үйреткен.
Асыл анам алтыннан да қымбат қой,
Көздері жарқыраған жұлдыздай ғой.
Бәрімізді бөліп-жармай өсірген,
Ардақты анамызды жақсы көрем.
Асқар тауым әкетайым қорғаным,
Керек маған әрқашанда қолдауың.
Сен – бәйтерек, мен – жайқалған жапырақ
Әрқашанда мақтанышың боламын.
Арынова Аружан , Ақмола облысы,
Зеренді ауданы, Заречное негізгі мектебі,
7"А" сынып оқушысы.
Жетекшісі: қазақ тілі мұғалімі Жунусова Айнур Рахмановна
Сызге осындаи олен жазганнызгы рахмет
Өте керемет тақпақ және тез жаттай аласың рахмет
КҮШТІ
Өте әдемі,күшті сізге рахмет осындай өлеңдерді көбірек шығарып тіліміз ді дамытыңыз сізге рақмет ????