Абышқа – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Абышқа» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2015
  • 0
  • 5
  • 11432
Мәмбетәлі ауылында
Атапдым мен абышқа.
Абышқа деп мына қыз,
Тиіп кетті намысқа.
Абышқаның сақалы
Әлде бұған таныс па?
"Абышқаны байқасам,
Емес екен алыста.
Абышқа ма, қарашы,
Біздің әсем дауысқа.
Ұзақ таңға қарлықпас
Ұлы дүбір шабыста.
Айтқан сөзім шет болса,
Сынатайық қалысқа.
Не болмаса, жөнде өзің,
Тұлғаң түзу жан екен
Түсінетін әр нұсқа.


Пікірлер (5)

Аяулым

Өте керемет

Айгерим

Көөп рахмет

ерасыл

маған өте ұнады

Балжан

Көп көп рахмет маган ұнады

Куралай

Рахмееееееет оте керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері