Қызық күндерім – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қызық күндерім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 681
Қызық күндерім,
...бұзық түндерім.
тізіп тұр ма едің түзден мұң,—
саз үні тынды,
назым — ұтылды,
аз үмітімді үзген кім?
"Тірі құдайға"
түрім ұнай ма, —
құрығы қайда тағдырдың? —
Ақ таңнан арып,
жатқан қамалып,
жақпарға барып
жаңғырды үн.
Күліп те көріп,
үгітке де еріп,
үмітке беріп ырқымды,
"іріге" көніп,
тілі — бөгеліп,
бүліне келіп
жыр тынды.
Арды да аттаған,
ханды мақтаған,
сандырақтаған жыршың бар,
Соны көрем де,
солып
өлеңде
озса озсын деймін кіл сұмдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызық күндерім өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қызық күндерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызық күндерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызық күндерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері